Құлпынай сатып, кәсібін дөңгелетіп отыр

217

Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен ауылдық округтердің жағдайын саралап шығу үшін құрылған топтың кезекті зерделеу жұмыстары Бірінші Мамыр ауылдық округінде жалғасты.

Ауыл азаматтарының тұрмыс-тіршілігін қарап шыққан топ Бірінші Мамыр елді мекенінің мәдениет үйінде тұрғындармен ашық әңгіме құру үшін жиын өткізді.

Жиын басталмас бұрын аудан басшысы Алғабас елді мекенінің тұрғыны Жиенбаев Қанаттың жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер тамшылатып суғару әдісі арқылы 0,70 га жерге құлпынай еккен. Маусым сайын өнім алып, 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Үй іргелік жерлерін пайдаланып, жеке кәсіппен айналысып отырған Қоңқабаев Тәңірбергеннің мал бордақылау алаңшасындағы 40 бас ІҚМ-н, жеке кәсіпкер Төлеметова Махбуваның 0,15 га үй іргелік жеріндегі жеміс көшеттерін, Мизаев Халмурат 0,6 га үй іргелік жеріне түрлі көкөністер екен жұмыстарын көріп шықты.
Аралау жұмыстарынан соң аудан әкімі ауыл тұрғындарының қатысуымен аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының зерделеу жұмыстарын тыңдады.

Бірінші қосымша кіріс көлемін ұлғайту, салықтық түсімдердің орындалуы, бюджет қаржысын игеру, кәсіпкерлік саласы, заңсыз салынған тұрғын үйлер, су қорғау, мекенжай тіркелімі, кәсіпкерлік және жеке тұрғын үйлердің қасбеттерін реттеу жұмыстары айтылды. Есеп бойынша Бірінші Мамыр ауылдық округінде жалпы 76 кәсіпкерлік нысан бар. Оның 17-сі тұрғын үй ретінде тіркелсе, 10-да кассалық аппарат жоқ. 2 азық-түлік дүкенінде лицензиясыз спирттік ішімдік сатылуда. Жалпы округте ертеректе салынып, құжаттары рәсімделмеген 250 үй анықталған. Қазір бұл үйлерің иелері жеріне қатысты топотүсірілімдерін әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Ауылдық округте мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлер 92,72 га жер болса, тұрғын үй мақсатында берілген бос жатқан 191 жер учаскесі бар. Сондай-ақ, 616 үй көкөніс, картоп секілді дақылдарды егіп үй іргелік жерлерін тиімді пайдалануда, ал 370 жеміс-жидек ағаштарын мен жоңышқа дақылдарын екен. Округтің тұтыну балансы бойынша өнімнің 5 түрі сыртқа сатылады, 16 түрі сырттан әкелінеді.

Елді мекендерді көгалдандыру, аббаттандыру мақсатында егілген ағаштарды күтіп ұстау бойынша қоршалған, суғару жұмыстары ұйымдастырылмағандықтан, егілген көшеттердің көнімділігі 25% құрап тұр. Сонымен қатар орталық көше бойлары тікен, арам шөптерден тазаланбай қалған.

Б.Омарбеков айтылған нәтижелерден соң халықпен ашық әңгіме құрып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Оған қоса мерзімінде төленбеген салықтар, жерді мақсатында пайдаланбау, үй іргелік жерлерді тиімді игеру, арықтағы, көше бойындағы тазалық жұмыстарын уақытында жасап, бір кісідей ат салысуға шақырды.

 

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі