Күлтөбеден араб баспасынан шыққан көне кітап табылды

129

Күлтөбедегі хумдан пештің ішіндегі құланды қыштар арасынан араб баспасынан шыққан көлемі 10х20 см келетін кітап табылды.

Кітаптың сақталған қалыңдығы – 1,2 см. Мұқабасы көк түсті көнмен қапталған кітаптың сақталуы нашар, парақтары бір-бірімен жабысып қалған, ашуға келмейді. Жазуы оқылуға келетін бірінші бетінен «Біз мұндайлардан емеспіз» деген сөйлемнің жобасы анықталды.

Құнды жәдігерлермен танысып, тереңірек білгіңіз келсе 11 қыркүйек күні Күлтөбе қалашығында арнайы мамандардың қатысуымен өтетін пресс-тур өтеді.

М.Сабыр