Күлтөбеден балалар ойыншығы табылды

406

Күлтөбе қалашығында қарқынды жұмыс жүргізіп жатқан археологтар балалар ойыншығының бірнеше үлгісін тапты. Ысқырық түрінде пайдаланылатын зат керамикадан жасалған. Жәдігерлер жанында керамикалық заттарды күйдіретін ошақтың қалдығы да сақталған.

«Күлтөбе қалашығында басталған археологиялық қазбаның нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысындағы қоқан хандығы, сондай-ақ қазақ хандығы тұсындағы үйлердің бірнеше бөлмелері ашылды. Оның ішінде тандырлар, сыпалар анықталып жатыр. Тандырлар ол кезде нанды ғана пісіріп қоймайды. Жылытуға да, қазан асуға да пайдаланатын болған. Қыстың күні ішіне шоқ салып жылытатын орындар да табылып жатыр.

Жергілікті шеберлер дайындаған ыдыстарды да көптеп кездесуде. Оның ішіндегі ең ерекшесі – баланың ойыншығы. Бұл зат басқа жерлерде жекелеп табылса, мына жерде бірнеше үлгісі бар. Сонымен қатар, орыстың зауыттарында шыққан ыдыс-аяқ түрлері де кездесуде. Бұл енді 18-19 ғасырдағы Ресеймен тығыз қарым-қатынаспен байланыстыра аламыз»,-дейді Серік Ақылбек.