Күрес түрлерінен басталған Әлем біріншілігінде отандасымыз ақтық кезеңге жолдама алды. 65 келі салмақта сынға түскен Дәулет Ниязбеков жартылай финалда ресейлік балуаннан басым түсті. Оған дейін спортшы қытай, моңғол, үнділік қарсыластарының жауырынын жер иіскеткен.
Ал 2018 жылы еркін күрестен Әлем біріншілігінің жүлдесін алған жалғыз отандасымыз Нұрислам Санаев түркиялық балуанға жол берді. Енді ол бозкілемге қола медаль үшін шығатын болады.
Айта кетейік, қос спортшы да 2020 жылы өтетін олимпиада ойындарына жолдама алды.