Шымкенттің полиция департаменті дәрігердің жұмыс орнында медбикені зорлағаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Шымкент қалалық полиция департаменті Әл Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120 бабы 1-бөлігі және 121 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіні ұстаған. Қылмыстық іс айыптау актісімен бірге Әл Фараби ауданының прокуратурасына жіберілген”, деп хабарлайды аға із кесуші, полиция поковнигі Айнұр Омарова.
Еске сала кетсек, бірінші облыстық аурухананада медбике болып істеген азаматша өзін жұмыс орнында осы аурухананың дәрігері зорлағанын айтып, арызданған болатын.