Шымкентте саунаның жертөлесінде жұмыс істеп келген казино табылды

136

Шымкентте саунаның жертөлесінде жұмыс істеп келген казино табылды. Заңсыз ойынды табыс көзі қылғандардың жасырынған жерін қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру барысында 1435 ойын фишкасы мен 5 колода, 3 ойын үстелі және 1 бейнекамера тәркіленді. Сондай-ақ, заңсыз ойын залында дилер, даяшылар, кассир қызмет көрсетіп келген. Оқиға кезінде казинода 9 ойыншы болған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмысқа қатысы бар адамдардың кінәсін сот анықтайды.