Шымкенттік жұмысшылар заңсыз еңбек миграциясына шағымданған

155

Жұмыс істеуге ынталы, алайда жұмыс бермейді. Сым шығаратын зауыттың жұмысшылары осылай ашынып отыр. Жұмыстың ауқымдылығына байланысты төлетін еңбекақыларынан қағылдық дейді. Сым шығаратын зауттағы, сымша созылған мәселе немен аяқталмақ?

Демалыс көбейіп кетті. Бұл сым шығаратын зауыт жұмысшыларының айтып отырған базынасы. Сәйкесінше, жұмыс күні азайған сайын, нәпәқамыздан қағыламыз дейді. Келісімшарт бойынша жалақы аласыңдар деген уәдеден басшылық жеме-жемге келгенде айнып кеткен.

Шыңғыс Аралбаев, зауыт жұмысшысы: «Демалған күндері, сым болмай қалған кездері, электр қуаты өшіп қалатын жағдайда демаласыңдар, бірақ сол күндеріңе ақша жүреді дейді. Жаңа кіріп айтсақ, ондай жүрмейді. Кім айтты сендерге деп айтып отыр».

Түн ортасында жиналған жұмысшыларға прокуратура өкілдері мен көші – қон полиция қызметкерлері келді. Басты себеп, жігіттердің үйреншікті атқарып жүрген жұмыстарын, қытайлық зауыт басшылығы арзанқол келімсектерге істетіп отыр дейді. Зауытта түрлі тесіктерге тығылған келімсектерді іздеу шарасы, құдды бір кинодағыдай болды.

Түнгі қуғын нәтижесінде көші қон полициясы Шымкентте құжатсыз жүрген 8 қытай елінің және Өзбекстаннан келген 3 азаматын ұстағанын ішкі істер басқармасы өкілдері хабарлады.

Сондай-ақ, зауыт басшылары жұмысшыларға тамаққа берілетін талондарында бермей қойған. Жұмыс ауқымы жоқ. Сол себептен, талоннан қағылдыңдар деп өзгеше сайрай бастаған. Ал, жиналған келімсектерді полиция өкілдері тергеп тексеру шарасы аясында алып кеткен.

Ғалымжан Кенжебек