Жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде

135
ТИА

2019 жылдың 8 қыркүйегінде полиция қызметкерлері Алматы-Ташкент-Термез автожолында орын алған жол-көлік оқиғасын анықтады. Белгісіз көлік 62 жастағы Шымкент қаласының тұрғының қағып кетіп, ізін суытқан. Алған жарақаттарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған.

Осы жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 347 бабы және 345 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, жасырынған жүргізуші мен оның автомобилін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

 

QAINAR KÓZШымкент ҚПД-нің Баспасөз қызметі