Ұрлық жасаған қызды табуға көмек берген куәгер марапатталды

628

Қазығұрт АПБ-не орталық базарлардың бірінде киім-кешек сататын әйел, жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында сауда қатарында тұрған ұялы телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсетті. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 000 теңгені құрады.

Аталған жайт АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Оқиға орнына тез арада жеткен полицейлер ұрлықтың мән-жайын анықтауға кіріседі. Жедел-тергеу тобы куәгерлерден жауап алып, базар ішіндегі бейнебақылау камераларын тексереді.

Осылайша, камераға ұрлықты жас қыз жасағаны түсіп қалған көрінісін тауып алады. Күдіктінің суретін шығарып алған тәртіп сақшылары, базарда жүрген-тұрғандардан осы қызды танитын таныстары болып қалар деген болжаммен сұрастыра бастайды.

Полицейлер тарапынан жедел жасалған әрекет барысында, базарда жүрген жергілікті 28 жасар жас қыз күдіктіні танитынын айтады. Тәртіп сақшылары куәгер берген ақпарат көздері арқылы күдіктінің мекен-жайын анықтап, үйіне барады. Күдіктіні ұстап, одан айғақты зат ретінде ұялы телефон ішіндегі нөмірлерді тауып, тәркілеп алады.

Белгілі болғандай, күдікті қыз телефонды ұрлап алған соң, оны сатып үлгерген. Соңында полицейлер телефонды сатып алушыны да тауып, одан ұрланған телефонды алып, заңды иесіне қайтарады. Ал, ұсталған қыз өз кінәсін толық мойындаған. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Қазығұрт АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Арман Ақшораев күдіктіні анықтауға және ұстауға көмек көрсеткен куәгер қызға алғыс білдіріп, марапаттады.

 

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі