Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

283

Синоптиктер 2019 жылдың 3-5 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. «Қазгидромет» РМК өкілдерінің сөзіне сенсек, алда күн суытуы мүмкін.

«Суық және ауқымды антициклонның орталығы Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысты, ал оның сілемдері алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарындағы ауа райын анықтайтын болады. Сондықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде ала бұлтты жауын-шашынсыз және түнгі үсіктермен ауа райы күтіледі», — делінген хабарламада.

Ал орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 1-7 градус сақталады, кей жерлерде 12 градусқа дейін аяз. Күндізгі температура көтеріледі, бірақ әзірге климаттық нормадан төмен сақталады. Батыс аудандарды қоспағанда, температура  көпжылдық орташа мәннен 3-5 градус жоғары болады.