Экс-Министр Бишімбаев бостандыққа қалай шықты?

122

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың тиісті мерзімінен бұрын бостандыққа шығуын ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті  келесідей баяндап берді.

«2019 жылғы 25 қыркүйекте Шымкент қаласы, Абай аудандық соты Қ.Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатын қарастырды. Оның өтінішхатын қанағаттандырып, соттың тиісті шешімі 2019 жылғы 11 қазанда заңды күшіне енді. Осыған дейін Қ.Бишімбаев Мемлекет басшысына кешірім жасау туралы өтініш білдірген болатын, өтінішхат белгіленген жаза мерзімінің қысқартуымен 2019 жылғы ақпан айында қанағаттандырылды. Шартты түрде жаза мерзімінен бұрын босатуды қарастыру кезінде сотталғанның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінездемесі, талап-арызының өтелуі, кінәсін мойындауы және өзге де жағдайлар ескеріледі. Қ. Бишімбаев кінәсін толықтай мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді. Сотпен белгіленген талап-арызды өтеген. Жазасын өтеу барысында ол оң мінезделді және мекеменің мәдени-қоғамдық шараларына белсене араласты.
Жазаның өтелмеген бөлігінде ішкі істер органдарының пробация бақылауында болады», – деп хабарлайды ҚР Ішкі істер Министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Мөлдір Бекеева