Úı Jańalyqtar «Оңтүстік Рабат» газетіне жазылушылар қатары артып келеді

«Оңтүстік Рабат» газетіне жазылушылар қатары артып келеді

Қазақстан поштасы 26 жылдық мерейтойын атап өтті. Шымқала тұрғындары пошта қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Дәл осы күнмен тұспа-тұс мерзімді басылымдарға да жазылу науқаны басталды. Газет редакциялары «Қазпошта» алдында арнайы жәрмеңке ұйымдастырып, халықты газетке жазылуға шақырды. «Шындықтың қайнар — бұлағы, халықтың көзі құлағына» айналған «Оңтүстік Рабат» газетіне тиімді бағада жазылуға асығыңыздар, дейді газет тілшісі

Атаулы мереке барысында газетке жазылғандарға қосымша сыйлықтар үлестірілді. «Оңтүстік Рабаттың» тұрақты жазылушыларын «Бизнес Групп Трейд» ЖШС-і қуантты. Басылымның сүйікті оқырмандарына «ВИЗиТ» компаниясының дәмді сусыны да таратылды.

Нұрлан Сұлтанбек