«Оңтүстік Рабат» газетіне жазылушылар қатары артып келеді

77

Қазақстан поштасы 26 жылдық мерейтойын атап өтті. Шымқала тұрғындары пошта қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Дәл осы күнмен тұспа-тұс мерзімді басылымдарға да жазылу науқаны басталды. Газет редакциялары «Қазпошта» алдында арнайы жәрмеңке ұйымдастырып, халықты газетке жазылуға шақырды. «Шындықтың қайнар – бұлағы, халықтың көзі құлағына» айналған «Оңтүстік Рабат» газетіне тиімді бағада жазылуға асығыңыздар, дейді газет тілшісі

Атаулы мереке барысында газетке жазылғандарға қосымша сыйлықтар үлестірілді. «Оңтүстік Рабаттың» тұрақты жазылушыларын «Бизнес Групп Трейд» ЖШС-і қуантты. Басылымның сүйікті оқырмандарына «ВИЗиТ» компаниясының дәмді сусыны да таратылды.

Нұрлан Сұлтанбек