«Отырар» медиахолдингіне – 27 жыл

234

Оңтүстік өңірінің оқиғаларын, халықтың айтарын уақытылы әрі жан-жақты жария етіп, аймақтың адуынды медиакомпаниясына айналған «Отырар» медиахолдингіне – 27 жыл. Сонау тоқырау жылдарында негізі қаланып, атауы бірнеше рет өзгеріп, журналистикаға жанын берер азаматтардың ерік-жігерімен жұрт танитын телеарнаға айналған Отырар TV арнасының мерейлі тойы 1 қарашада тойланады.

Жасқа да, кәріге де, бәріне ұнайтын, бәрі қарайтын, биліктің емес, халықтың үніне айнала білген телеарнаға – 27 жыл. «Отырар» медиахолдингінің құрамында Отырар TV телеарнасы, «Оңтүстік Рабат» және «РАБАТ» газеттері, otyrar.kz сайты, OtyrarTV ютуб-арнасы мен otyrarkz инстаграм-парақшасы бар іргелі медиакомпания. Осылайша, дәстүрлі медианың да, жаңа медианың да барша жетістігін мейлінше қамтып отыр.

Кез-келген телеарнадағы сияқты «Отырар» телеарнасының элитасы – жаңалықтар қызметі. Өйткені от пен оқтың арасында жүретін дәл осы ақпараттар қызметінің тілшілері. Шымкент қаласы Түркістан облысының ғана емес елдің күнделікті тыныс-тіршілігін қалт жібермей бақылап, жұрт білуге тиіс жаңалықтарды дер кезінде хабарлайтын бағдарламаның редакторы Бекжігіт Мәуленов осы салада 15 жыл бойына қызмет етіп келеді. Тілшілік тіршілігін осы арнадан бастаған редактор, журналистке қажет үш қасиетті былайша жеткізді.

Отырар медиахолдингінің телеарнадан бөлек, тағы бір мықты тұсы – баспасөзі. Медиакомпанияның «Оңтүстік Рабат» және «РАБАТ» атты қос газеті қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығады. Екі газеттің де тұрақты оқырманы, 13 мыңнан астам жазылушысы бар. Газет редакторлары медианарық жағдайына бейімделіп, оқырмандарын жоғалтпай нық басып келеді.

Бүгінде медиахолдингте 100-ден астам адам еңбек етеді. Телеарнаның 10-ға жуық өз бағдарламасы бар. «Отырар» республикаға аты мәлім талай тілшіні тәрбиелеп шығарған мектеп. Көрерменнің мүддесін әркез бірінші қоятын «Отырар» – бүгінде халықтық арнаға айналды.

Ғалымжан Кенжебек