Шымкентте «Интернейшнл Едюкейшн фэйр” атты білім көрмесі өтті. Орта Азиядағы ең ауқымды көрме «Болашақ» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Мақсат — жергілікті жастардың шетелдерде білім алуына жол ашу.
Шарада әлемнің 50 елінен келген 300-ге жуық жоғары оқу орындарының өкілдері бас қосты. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған көрме еліміздің 6 қаласында өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Білім көрмесінде әлемнің 50 елінен келген өкілдер еліміздің жастарына әлемнің үздік жоғары оқу орындарының 20 мың грантын ұсынып отыр.
Көрме екі күнге жалғаспақ. «Риксос Хадиша» қонақ үйінде ертең яғни, 9-қазан күні таңертеңгі сағат 10:00-де басталады.
Ақерке Анарқұл