Шымкентте «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

322

Бүгін, Шымкенттегі «Қазпошта» бөлімшесіне тапа-тал түсте қарақшылық шабуыл жасалды.

Оқиға түскі 14-00-дер шамасында орын алған. Алдияров көшесіндегі «Қазпоштаның»№9 бөлімшесіне коммуналдық желіні жөндеушінің киімін киген бірнеше адам шабуылдаған.

Полиция департаментінің шұғыл тергеу тобы оқиға орнында тергеу амалдарын бастады. Әзірге қылмыскерлердің саны және олардың қанша қаржыны қолды қылғаны туралы ресми ақпарат айтылған жоқ.Бөлімшедегі және оның маңайындағы сауда орындарындағы бейнекамералардың таспалары да тексеріліп жатыр.

Мөлдір Бекеева