Жасырын талантты ашатын байқау

491

2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандықтан жастардың еңбегін, білімін көрсетуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Түркістан облысының құрылғанына жыл толуына байланысты жас таланттардың арасында көптеген байқаулар өтуде Соның бірі жыл сайын дәстүрге айналған «Turkistan ART fest» жас дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер, зергер және қолөнерші жастар арасындағы облыстық байқауы. Аталмыш байқауға қатысып, бақ сынаған жас буын биыл да көп болды.

Түркістан қалсындағы «Есім хан» алаңы бір сәт шығармашылық алаңға айналды. Мұнда жиналған жас таланттар көздің жауын алатын түрлі бұйымдарын қойып, көпшіліктің назарына ұсынды. Қылқалам шеберлерінің еркін тақырыптағы санаға ой салатын суреттері бір сәт тыныштыққа жетелейді. Ал, оң қолынан өнер тамған жас дизайнер, мүсінші, зергер, сәулетшілердің туындылары көрген көзге қуаныш сыйлайды. Көрмеге қойылған заттар өңірімізде талантты жастардың көптігін байқатады. Өнер саласына талғаммен қарайтын жас буынның қалыптасқанын дәлелдейді. Осының барлығы Түркістан облысының құрылғанына жыл толуына байланысты ұйымдастырылған. Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Береке Талғатұлының айтуынша, байқауға қатысушылардың саны жыл санап артып келеді.


– Байқау «Түркістан кеше, бүгін, ертең» тақырыбы бойынша өткізілді. Дәстүрге айналған іс-шарамызды осы жолы Түркістан облысының құрылғанына жыл толуына арнайы өткіздік. Жастар көп болды. Қатысушылар және талантты жастардың жұмысын тамашалауға келгендер де көп. Бұл бізді қуантады. Өйткені байқаудың басты мақсаты – облысымыздағы талантты әрі үздік жас қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнерлерді облыс деңгейінде танымалдылығын арттыру. Жастар арасында өнерді кеңінен насихаттау, еңбекке деген шығармашылық қызығушылығын арттыру, креативті ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру. Өнер саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Егемен еліміздің жетістіктерінде Түркістан облысының орны айрықша екенін дәріптеу. Туындыларын көпшілікке жария ету мүмкіндігін ұсыну арқылы жас өнерлі шығармашыл жастардың белсенділігін арттыру болып отыр. Шығармашылық байқауға Түркістан облысы бойынша барлық аудан-қалаларынан, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 14 пен 29 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер қатысты. Жастардың белсенділігі, талантын ашуға деген құштарлығы бізді қуантты. Мұндай байқаулар бойында қандайда бір қасиеті бар оны аша алмай жүрген жасқа жігер сыйлайтыны анық. Өңіріміздегі талантты, білімді, білікті жастарды таныту, оларды басқаларға үлгі етіп көрсету біздің міндетіміз. Сол үшін де жұмыс жасайтын боламыз,- дейді Береке Дүйсебеков.

«Түркістан кеше, бүгін, ертең» тақырыбымен ұйымдастыралған байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде қатысушылар еркін тақырып бойынша жұмыс жасаған. Әрқайсысы үй жұмысы ретінде қияылна шек беріп, жаны қалаған, өзіне жақын тақырып бойынша жұмыс жасағаны көрініп тұр.
Ал, екінші кезең бұл шығармашылық байқаудың негізгі кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде өнерлі жастар Түркістан облысының 1 жылдық мерейтойына арналған туындыларын ұсынды. Тақырыпқа қатысты шығармашылық жұмыстар келушілердің қызығушылыған аттырды. Нәтижесінде екі кезең бойынша ең үздік туындылардың иегерлері марапатталды.
– Жеңімпаздарды анықтау мен марапаттау екі кезең жиынтығы бойын-ша анықталады. Шығармашылық байқау жеңімпаздарына 6 номинация бойынша (қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнер) төмендегі орындар белгіленіп, арнайы диплом және қаржылай сыйлықтар берілді. Осы тұста айта кетейін, қол өнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнер жастардың үздік туындыларының жиынтығынан байқау қортындысы ретінде үздік қатысушылардан құралған кітапша (альбом) әзірлейтін жоспарымыз бар, – дейді Береке Талғатұлы.

«Turkistan ART fest» байқауында «Дизайнер өнері» бойынша 3-орын иегері Динара Әбішова жас таланттар арасында өткен сайыстың тартыс-ты өткенін айтады. 27 жастағы ару байқаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуі жас буынның осындай байқауларға деген ынтасын аша түсті, – дейді.

– Менің мамандығым дизайнер. Қазіргі таңда осы сала бойынша қызмет етіп келемін. Байқаудың бірінші кезеңінде мен «JAS-STAR» атты ұлттық коллекциясын ұсындым. Бұл жұмыстарымды мен жастар жылына арнап тіктім. Осы ұлттық киімдер коллекциясына қызығушылық танытып, сұрақ қойып жатқан көрермендер көп болды. Бұл әрине бізге ерекше шабыт сыйлайды. Жұмысыңды біреу бағалапп жатса, ендібіреудің құштарлығын ашса ол автор үшін үлкен бақыт екен. Ал екінші кезеңде мен біздің Түркістан қаласы есімі ел тарихында қалған хандар мен батырлардың, билердің жатқан жері. Сондықтан да мен қазақ батырларының ұлттық киім үлгісін көрсеттім. Екі кезеңде де байқаудың ережесіне сай қызмет атқарғандықтан жүлделі үшінші орыннан көріндім. Бұл мен үшін қуаныш. Егер жас буынның танылуына мүмкіндік жасайтын осындай байқаулар көбейе берсе, біз қатысудан шарамаймыз, – дейді Динара Айдарбекқызы.