Шымкенттегі Арбатта “Shanyraq fest” этнофестивалі өтті

202

Қалалық Жастар ресурстық орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған іс-шарада көпшілік өңірдегі түрлі этнос өкілдері дайындаған қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сонымен қатар, фестиваль аясында ұйымдастырылған балалар ойын алаңдары, фотокөрме мен этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламалары көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Фестиваль барысында жиналған қаржы қаладағы есту қабілеті төмен балаларға арналған №2 мектеп-интернатына аударылды.