Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері спорттық жарыстан сынға түсті

226

«Алтын күз – 2019». Биығы жылы Түркістан облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы жылды қорытындылайтын іс- шараны Арыс қаласында өткізуді жөн деп ұйғарыпты.

Ауыл шаруашылық саласында жүргендер өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қызметтік костюмдерін спорт киіміне ауыстарған мемлекеттік қызметкерлер спорттық ойындарға қатысты. 21 командаға бөлініп футбол, волейбол және арқан тартудан бақ сынасты.

Түртістан облыстық ауыл шаруашалығы биылғы жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізіпті. Облыс 9 айдың көрсеткіші бойынша 447 млрд. теңгеге өнім өндірген өткен жылмен салыстырғанда 74 млрд. теңгеге артып республикада екінші орынды иеленіпті.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Ауыл шаруашалық саласына инвестиция тарту бойынша біз көш басындамыз. Атап айтар болсақ, өткен жылмен салыстырсақ салаға тартылған инвестиция көлемі 2,5 есеге артты. Биыл 153 гектар жылыжай салынып 7 мың гектар жерге тамшылытып суғару жүйесі іске қосылды».

Шараның Арыс қаласында өтуінің өзіндік себебі де жоқ емес дейді басқарма басшылығы. Қалада орын алған төтенше жағдайдан кейін қала тұрғындарының еңсесін көтеру және осындай шаралар мемлекеттік қызметкерлердің бір – бірімен қатынасын нығайта түсуіне септігін тигізеді сондай – ақ басқарманың алға жоспарлаған жобаларының іске сапалы асуына септігін тигізеді дейді. Түркістан облыстық ауыл шаруашылық басқармасы келесі жылға 500 – ден астам үлкен жобаларды іске асырмақ.

Нұрлан Күдерұлы