Азия чемпионатының жүлдегерлері елге оралды

192

Шымкент Азия чемпионатының жүлдегерлерін қарсы алды.

8 -і мен 17 қараша аралығында Моңғолияда жастар арасында бокстан өткен Азия чемпионатына жерлестеріміз қатысқан болатын. 52 салмақтағы боксшылар арасындағы сайыста Махмұт Сабырхан бірінші орынды жеңіп алып, Азия чемпионы атанды. 69 салмақтағы спортшылар арасында 3-ші орынға қол жеткізген Марғұлан Айдарұлына қола медаль бұйырды. Боксшылардың арманы Олимпиада ойындарына қатысу.

«Менің қарсыласым филиппиндік боксшы болды. Рингтегі жұдырықтасу тартымды өтті. Мен бізді чемпионатқа дайындаған жаттықтырушыларыма, қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Бүгін міне поездан түскен бойда құрмет көрсетіп жатыр, Алла разы болсын. Рахмет барлықтарыңызға», – деді  бокстан Азия чемпионы Махмұт Сабырхан.

Спортшылардың жеңісі  кездесуге келген жас  спортшыларды  бокспен шұғылдануға ынталандыратыны даусыз дейді жиналғандар. Қола медаль жүлдегері  Марғұлан  Айдарұлы қошемет көрсеткен жерлестеріне ризашылығын білдіріп, алдағы сайыстарда алтын медаль  жеңіп алуға уәде берді.

Шынар Оразова