Елімізде 25 градус аяз болады

94

«Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттар оңтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Салдарынан Қазақстан территориясының кей жерлерінде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыс желі күшейеді. Көктайғақ күтіледі», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Соның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы — 13 -18, кей жерлерде -20 -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С төмен. Республиканың батысында ғана осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз.