Көктем келіп, арқаны кеңге салар тұста, қайта қыс орнап, айналаны қар басты. Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, алдағы 2 күн бойы суық ауа-райы сақталады. Бұл құбылмалы ауа-райы ерте гүлдеген жеміс ағаштарына зиянын тигізіп, биыл өрік, шие секілді жеміс-жидектен қағыламыз ба? Мамандар не дейді?
11-12 наурызда аязды ауа райы сақталады. Яғни, таулы аймақтарда жауын-шашын жауып, қар түседі. Бірақ, бұл ұзаққа созылмайды дейді синоптиктер. Демек, бірер күннен соң, ауа температурасы жоғарылап, жайма-шуақты күнге қайта ораламыз. Десе де, ауа райының құбылып тұратынын ескеру дейді мамандар.
ЖАНАТ ЖӘРМЕНОВА, МЕТЕОБОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «11 наурызда облыстың таулы аудандарында қар жауады. Сақталады. Тұман болады. Бұрқасын болады. Ауаның температурасы түнде күрт төмендейді. Облыс көлемінде 7-12 , облыстың таулы және солтүстік аудандарында 15-20 градусқа дейін салқындайды. Ал, күндіз 0-5 градус суық болады. Ал, облыстың солтүстігінде ауа райы температуасы 8 градусқа дейін салқын болады. Осындай ауа райы бір-екі күн сақталады».
Аязды ауа райы өңірдің ауылшаруашылығына үлкен сынақ дейді мамандар. Егер суық ұзаққа созылмаса, ағаштардың бір бөлігі аман қалуы мүмкін. Дегенмен, гүлдеу сатысын бастап қойған өрік, шие және алма сорттарына суықтың зияны тию қаупі жоғары. Себебі дәл осы кезеңде ағаштардың гүлдері өте нәзік болады және аязға төзімсіз келеді. Агрономдардың сөзінше, егер ауа температурасы нөлден төмен түсіп, аяз бірнеше күнге созылса, гүлдер үсіп, болашақ өнімнің көлемі азаюы мүмкін.
ГҮЛНӘР ТАСТАНБЕКОВА, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ: «Мына қардың өзі емес, оның ертең күні заязды дейміз ғой және ауырлығы қатты тиеді. Гүлдеген кезде ылғал қалып қоятын болса, түнде аяз ұратын болса, гүлдердің бәрін өлтіреді. Қар ауыр болған соң, бұтақтарын сындырып тастауы мүмкін. Одан кейін инфекция түсуі мүмкін».
Күтпеген жерден жауған қар мен төмендеген ауа температурасы тұрғындарды да алаңдатып отыр. Олар гүлдеп тұрған жеміс ағаштарын өздері орап, барынша сақтап қалуға әрекет жасауда. Олардың видееосы әлеуметтік желілерінде тараған. Ал, төтеншеліктер мұндай ылғалды ауа райында сақтық шараларына мұқият болуды сұрайды. Әсіресе, көпжылдық ағаштардың астына көлік қоймауды, оның астымен жүрмеу керек деп ескертеді.
— Көліктеріңізді ағаштардың астына қоймаңыз;
— Үлкен әрі ескі ағаштардың жанында ұзақ тұрмауға тырысыңыз;
— Балалардың ағаштардың маңында ойнауына жол бермеңіз;
— Қатты жел кезінде ағаштардың астымен жүрмеуге кеңес береміз;
— Құлау қаупі бар ағаштарды байқасаңыз, тиісті қызметтерге хабарлаңыз.
ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Естеріңізге сала кетейік, 12 ақпан күні толассыз жауған қардың салдарынан, 10 жастағы баланың үстіне ағаш құлап мерт болған. Мектептен қайтқан марқұмның басына ағаштың бұтағы тиіп, сол мезетте жан тапсырған еді. Сонымен қатар, ондаған көлік зардап шеккен болатын.
Нұргүл Жолымбетова






