Ирактан 14 қазақстандық бала елімізге қайтарылды

82
фото Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды.

Олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатыр. Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыса отырып жүзеге асырды.

Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғалар мен ұйымдарға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады.