Синоптиктер алдағы күндері өңірімізде тұман, көктайғақ күтіледі деп ескертеді.
Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты облыста жауын-шашын қарға ұласады. Кейбір жерлерде жылдамдығы 12-15 м/сек жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +1 және + 6 дан -1 және -6-ға дейін төмендейді. Облыстың солтүстік бөлігінде -12 және -17 градусқа дейін аяз күтілуде. Инженер-синоптик Арайлым Түргенованың мәлімдеуінше қарашаның 23-і мен 24-інде аязды күндер сақталады. 25, 26 қарашадан күн жылынады. Ертеңнен бастап бейсенбі мен сенбі күндері аралығында тұман, көктайғақ болады.
Шынар Оразова