Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен 16 жасар қызды үйіне қайтарды

186

Кешкі уақытта Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 2003 жылы туылған қызы, 11 қазан күні сағат 10.30-да Шымкент қаласына кетіп, содан қайтып оралмағандығын айтқан. Осыдан соң кәмелетке толмаған қызды іздестіру жұмыстарына полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бірден жұмылдырылды.

Полицейлер кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын атқарып, жоғалған қыздың пайда болуы мүмкін деген орындарды тексеріп, куәгерлер арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Түркістан облысының және Шымкент қаласының барлық полиция бөлімшелеріне жоғалып кеткен қыз туралы хабар береді.

Бір аптадан кейін, іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Мақтаарал АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Сансызбай Демеу Шымкент қаласының көшелерінің бірінен қызды тауып, оны ата-анасына дін аман қайтарды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның қалай орын алғанын анықтауда.
Өз кезегінде, табылған қыздың анасы Мақтаарал АПБ полицейлеріне, оның ішінде полиция лейтенанты Демеу Сансызбайға қызын іздестіру кезінде көрсеткен жеделдігі мен кәсібилігі үшін шынайы алғысын білдірді. Жергілікті тұрғындар да жас полицейге жұмыста және қызметте табыс тіледі.

Айта кету керек, Мақтаарал АПБ-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты Сансызбай Демеу ҚР ІІМ Алматы академиясын бітіріп, 2019 жылы ішкі істер органдарының қатарына кірген болатын.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі