Жыланбұзған ауылының тұрғындары ауыз суды тәулік бойы пайдаланады

534

Шымкенттің іргесіндегі Жыланбұзған ауылының тұрғындары  ауыз суды тәулік бойы пайдаланатын болды.

Осыған дейін су мұнарасының қуаттылығы ауыл тұрғындарын тек 4 сағат ауыз сумен қамтуға жететін. Су жүйесі жаңғыртылғаннан кейін жыланбұзғандықтар  24 сағат бойы  ауыз суды қолдануға мұмкіндік алды. Бұл мақсатта 107 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Жаңғырту Маятас ауылындағы су жүйесінде де өтті. Мұнда тозығы жеткен құрылғылар жаңаланды. Бүгін сала мамандары нысандардың басында болып жұмысымен танысты.

Рахманалы Байметов, ауыл тұрғыны: «Жақсы болып қалды, судың қорын жасап әлекке түсетін едік. Енді міне, жаңғырту жұмыстарынан кейін  тәулік бойы  ауыз суды пайдалана аламыз. Рахмет барлықтарыңызға».

Естеріңізге сала кетейік, Маятас, Жыланбұзған ауылдары бұрын Төлеби ауданына қарайтын, қазір  екі ауыл да Шымкент қаласының құрамында.

Шынар Оразова