Жастар жылы қорытындыланды

341

Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келіп қатысқан жастардың саны — 500.

Айта кетейік, 2019 жыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен Жастар жылы деп жарияланған болатын. Үкімет оны жүзеге асырудың Жол картасын қабылдады. Онда жастарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім беру, жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, жас отбасын қолдау сынды шаралар қарастырылған.

Бүгінгі жиында осы тізімдегі жұмыстардың атқарылуы сөз болып, жыл қорытындыланды.

Меруерт Ахан