АӘК шаралары бойынша еріктілер жұмысқа кірісті

100

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 22 жас еріктілер  жұмысқа кірісті. Ал, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдайтын 4 аудан әкімдіктерінде қосымша 6 еріктіден бекітілген.

Еріктілер тұрғындардың өтініштерін қабылдау жұмыстарын түсіндіру шараларына жұмылдырылған. Бұл қызметкерлер мен тұрғындар арасындағы түсініспеушіліктерді ретке келтіреді.

Яғни, еріктілер келушілерге мәселелерімен қайда бару керек екендігін көрсетеді. Өйткені орталықта қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, кәсіптік оқытуға, АӘК-ке құжат өткізуге, кеңес алуға келушілер қатары көп.