Былтыр шетелдік жұмыс күшін тартуға 2145 бірлік квота бөлінген

208

Шымкент қаласы бойынша 2019 жылы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 2145 бірлік квота бөлінген. Бөлінген квота негізінде 36 кәсіпорындар мен ұйымдарда 504 шетел азаматына және 12495 ҚР азаматына жұмыс жасауға рұқсат берілген.

Тартылып жатқан шетел жұмыс күшінің білікті мамандарының үлесі 95,2%-ды құрайды.

Шымкент қаласының еңбек инспециясы және көші-қон басқармасы еңбек инспекторларының тексеру нәтижелері бойынша 3 мекеменің 306 рұқсаты кері қайтарылған. Барлық тексерулер нәтижелері бойынша айлық жалақы төлеуде сәйкессіздіктер анықталмаған. «Қытай-Мұнай инженер құрылыс тобының еншілес кәсіпорнын» тексеру қорытындысы