Халық саны бойынша Шымкент 7-ші орында

396
фото Ktk.kz

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы статистика департаментінің басшысы Е.Құлтаевтың қатысуымен 2019 жылды қорытындылау бойынша жоспарланған баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында Е.Сейітханұлы демография, тұрмыс деңгейі, еңбек нарығы және еңбекақы төлеу сияқты қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуші факторларға жекелей тоқталып өтті.

2019 жылғы 1 желтоқсанға қала халқының саны — 1 033 478 адамды құраған. Республикада халық саны бойынша Шымкент қаласы 7-ші орынды алады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 2,2%-ға немесе 22327 адамға артқан. Шымкент қаласы республикада халық саны тығыз орналасқан қалалардың бірі болып табылады (3 орында).