Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпаздары басшылық лауазымға тағайындалды

153

Шымкент қаласында Президенттік жастар кадр резервінің жеңімпаздары бүгін жаңа қызметке тағайындалды.

Атап айтқанда, қала әкімінің өкімімен Компаниец Сергей Евгеньевич кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сергей Евгеньевич 1986 жылы туылған, білімі жоғары. 2009 жылы «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Басқару институтын тәмамдаса, 2016 жылы Джордж Вашингтон университетінің ақпараттық жүйелер мен басқару технологияларының магистранты дәрежесін алған. Сол жылдары жылдың ең үздік бизнес студенттерінің бестігіне кірген.2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша академиялық инновациялық университетін бітірген.

Президенттің кадрлық резервіне іріктеудің барлық кезеңдерінен сүрінбей өткен Олжас Шынтаев кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Олжас Шынтаев 1990 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры- есеп және аудит. Орыс, ағылшын, қытай тілдерін меңгерген. Қазақстан Республикасы туризм индустриясының үздік лауреаты. ТМД Халықаралық достастық сыйлықтарының иегері.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі