Шымкент қаласына инвестиция тарту мақсатында бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Kazakh Invest»ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаевпен кездесті. Кездесу барысында Kazakh Invest компаниясы көлік және логистика саласы бойынша бірқатар инвестициялық жобаларымен таныстырып өтті.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан шаһар екенін айтқан қала басшысы аймақта шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келетінін жеткізді.
Сондай-ақ, әкім мегаполис Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдерімен теміржол және әуе арқылы байланысатынын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтып тарқасты.