Шымкентте зейнеткердің ақшасын ұрлаған азамат ұсталды

172

Шымкентте Алматы облысының 86 жастағы зейнеткерінің ақшасын ұрлаған азамат ұсталды.

2020 жылдың 5 қаңтарында қалалық банкоматтардың бірінің жанында зейнеткерге белгісіз ер адам келіп, банкоматтан ақша алуға өз көмегін ұсынды. Содан кейін зейнеткерге банкомат карточканы жұтып қойғанын және осы мәселе бойынша банкке жүгіну қажет екенін айтты. Зейнеткердің жоқтығын пайдаланып, оның шотынан 100 мың теңгеден астам ақша алып, белгісіз бағытта бой тасалаған.

Зейнеткер бейтаныс азамат оны ұрлап кеткенін байқап, дереу полицияға жүгінді.
Шымкент қ. ПД ЖБО-ның қызметкерлері күдіктінің белгілерін тергеу-жедел тобына беріп, оқиға орнына жолдады. Нәтижесінде ізін суытпай күдікті ұсталды. Ұсталған азамат бұрын бірнеше рет сотты болған Түркістан облысының тумасы болып шықты.
Аталған жайт Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Полиция азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі