Өткен жылы Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр болып белгіленсе, жыл қорытындысымен 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй яғни, 5846 пәтер ел игілігіне берілді.
Аталған 5846 пәтердің 176-сы қызметтік тұрғын үй, 2432-і арендалық, 2737-сі — жеке тұрғын үйге, 501-і жеке салушыларға тиесілі. Нәтижесінде жыл басында межеленген жоспар 129%-дан артық орындалған.
Бұдан бөлек, биыл Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша мемлекеттік бюджет есебінен 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуімен қатар, жыл соңына дейін 44 тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, былтырдан бері облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 5,6 млрд. теңге болатын 7 қабатты 48, 72 және 84 пәтерлі 24 облигациялық тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.
Сондай-ақ, ӘКК «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 47 тұрғын үйдің (жалпы ауданы 112,6 мың ш.м, 1701 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Мұнан бөлек, жеке салушылар арқылы 5,9,12 қабатты 3286 пәтерлік 65 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Түркістан облыстық өңірлік коммуникация қызметі