Жылқы шаруашылығын дамытып отыр

545

Мақтаарал ауданының тұрғыны Мұсаев Айбек Талғатұлы Түркістан облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша оқып, 505 мың теңге грант ұтып алған. Аталған қаржыға ол 3 жылқы сатып алып, шаруашылығын кеңейтіп отыр. Сондай-ақ, ол келешекте өз бизнесін дамыту үшін жеңілдетілген пайызбен несие алмақшы.

Аталған жоба «Бастау» жобасына ұқсас, онда оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылған. Осы жоба арқылы аудан тұрғындары іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алады. Жобаға қатысқан тұрғындар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грант немесе жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға мүмкіндік алады.

«505 мың теңге бұл ауқымды жобаларға сәл де болсын көмек, шағын кәсіпке едәуір жеңілдік болмақ. Ол үшін артылған үміт пен алынған жауапкершілікті сақтау керек. Себебі, кез келген кәсіпкер кәсібін дөңгелете алмайды. Бұл жобаның арқасында жеке кәсіпкерлер ірі-ірі кәсіп иелерінен сабақ алып, бизнес жолындағы бағыттардан кеңес ала алады. Кәсібін енді бастаған кәсіпкер өз ісіне, өз идеясына сенімді болуы керек. Сонда ғана аталмыш жобаның гранты секілді жеңілдіктерге ие бола алады», – дейді Түркістан облысы «Атамекен» ҚР ҰКП-ның Мақтаарал аудандық филиалының басшысы Нүргүл Әбдіразақова.

 

QAINAR KÓZМақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі