Былтыр Түркістан облысындағы елді мекендерді ауызсумен қамту мақсатында 103 нысанның құрылысына 17,9 млрд. теңге бағытталған екен.
Су құбыры мүлдем жоқ 43 елді — мекенге жаңа ауызсу құбыры тартылып, 12 ауылда тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды. Суды құдықтан тартқан Созақ ауданындағы бес ауылға және Шардара ауданындағы бес елді-мекенге орталықтандырылған құбырмен таза ауыз су келді.
Нәтижесінде, таза ауыз сумен қамту деңгейі 80,3 пайызды құраған. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесуі барысында биыл ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында — 45 нысанның құрылысына бюджеттен 15 млрд. теңге бөлінген, халықты сапалы ауыз сумен қамту жылдың соңына дейін 95 пайызға жеткізу жоспарда деп нақтылады.
Шынар Оразова