Әскери бөлімнен қару ұрлау: сыбайластар ұсталды

155
polisia.kz

Ағымдағы жылдың 20 ақпанына қараған түні келісім-шарт негізіндегі әскери қызметші Абылай Балғынбай өз еркімен кезекшілікті тастап, Түркістан облысының әскери бөлімінен қару алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоғарыда аталған әскери қызметші мен оның екі азаматтық сыбайласын ІІМ және ҰҚК-нің бірлескен жедел-тергеу тобы ұстады. Тінту кезінде олардан ұрланған қару тәркіленді. Тергеу сотының санкциясымен ұсталған адамдар қамауға алынды.

Сонымен қатар, жекелеген лауазымды адамдардың, оның ішінде әскери бөлім басшылығының қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарағаны үшін жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылуда. Тергеу жалғасуда.