Қоғалы ауылдық округі табиғи газбен қамтылады

442

Төлеби ауданында Қасқасу мен Қоғалы  ауылдық округтеріндегі 7 ауылды табиғи газбен қамту үшін  жобалық сметалық құжат дайындалған.

Бұл мақсатта бюджеттен 1 млрд. 398 млн. теңге бөлініпті. Аудан әкімінің мәлімдеуінше қазір жауапты маман құрылысқа  қажетті қаржыны бөлу жөнінде тиісті құжаттармен  еліміздің астанасында жүр. Табиғи газ сонымен бірге, Леңгір қаласы, Достық, Сұлтан Рабат ауылдарындағы қалып қойған көшелерге беріледі.

Шынар Оразова