Шымкентте мұғалім оқушыны ұрған

613
фото Ktk.kz

Шымкент мектептерінің бірінде мұғалім оқушының бетінен ұрған.  Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлайды.

Оқушылардың бірі түсірген бейнекадрларынан мұғалімнің балаларға ұрысып жатқанын байқауға болады. Оларға жауапсыздығын айтады. Осы кезде сыныпқа тағы екі оқушы кіреді. Олардың бірі педагог қабырғаға итеріп жібереді де, екіншісі қол жұмсайды.

Бұл оқиға қаланың №83 мектебінде болған екен. Білім беру мекемесінде осы оқиғадан кейін дау шықты. Ата-аналар жиналыста мұғалімге қатысты шара қабылдауды талап еткен.

Роликтегі мұғалім — география пәнінен сабақ беретін Батыр Күшбаев екен, ол 22 жаста. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Сол күні ашуға берілгенін, өкінетінін айтқан. Ол балалардың жиі алдайтынын, сабаққа кешігетінін және түрлі сылтау айтанын жайып салған.

«Сабақ басталды. Бірде-бір бала болмады. Бұл балаларды мен үзілісте көргенмін. Олар «әжетханада болдық» деді. Бірақ олар әжетханадан шыққан. Сабаққа келсем, сыныпта ешкім болмады. 15 минуттан кейін бірақ келді. «Қайда болдыңдар?» деген сұрағыма «Әжетханада» деді. Бұл өтірікке менде дұрыс реакция болмады», — дейді мұғалім.

Педагог балалар мен олардың ата-анасынан кешірім сұраған. Алайда бұл оны қатаң сөгістен құтқармады.