Шымкенттік еріктілер төтенше жағдай қызметінің қыр-сырын үйренді

214

Енді шымкенттік еріктілер де төтенше жағдай қызметінен хабардар болуы керек. Бұл мәдени астанаға келетін қонақтар қамы үшін жасалып отыр. Осылай деген мамандар іс-шаралардағы оқыс оқиғалардың алдын алмақ. Ол үшін 500-ге жуық шымкенттік еріктілерді төтенше жағдай қызметімен таныстыруды бастады.

Жастар орталығына жиналған еріктілер бүгін әдеттегідей деректі фильм көріп, не танымал тұлғамен кездесу үшін келген жоқ. Олар бұл жолы төтенше жағдай қызметімен таныспақ. Биыл қоғамдағы рөлін президенттің өзі айқындап берген олар осылайша тағы да бір қырын жанығалы отыр. Бұған дейін еріктілер алғашқы медициналық көмек пен қонақ үй қызметімен танысқан еді.


Ақжол Ерман, ерікті: «Біз осыған дейін медициналық көмек пен қонақ үй қызметімен танысқан едік. Енді міне төтенше жағдай қыметімен таныстық. Менің ойымша біз барлық оқыс оқиғаға дайынбыз. Қаламызға келетін қонақтарға барлық алғашқы көмекті көрсете аламыз».


Шымкенттегі төтенше жағдай қызметінің жетекшілері өздеріне биыл еркітілердің көмегі ауадай қажет екенін айтады. Себебі мәдени астанада өтетін ауқымды іс-шараларға қаладағы мамандар жетпейді екен. Ал, қонақтарға жол бастап жүретін жандарға оқыс оқиғада өзін қалай ұстау керектігін білу артықтық етпейді дейді олар.

Ерғали Бақаев, ТЖД басшысының орынбасары: «Биыл Шымкентте халық көп жиналатын іс-шаралар қатары аз емес. Біреуі Қажымұқан стадионында өтеді. Онда қаншама халық жиналады. Солардың әр қатарына еріктілерді қоямыз. Олар оқыс оқиға бола қалғанда бізді іздемей өз көмектерін бере алуы керек».


Жалпы жыл басынан бері Шымкентте төтенше жағдай қызметіне қызығып, онымен танысқан өзге сала мамандары аз емес. Олардың арасында балабақша қызметкерлері мен басшылары көп екен.

 Назерке Үкібасова