Шымкенттік еріктілер заңсыз жарнамаларға қарсы күресті бастады

250

 

Шымкенттік жас еріктілер заңсыз жарнамаларға өз қарсылықтарын білдіріп, қала көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жас Отан жастар қанаты еріктілері Елшібек батыр және Орынбай ақын көшесіндегі шарбақтар, бағаналармен аялдамаларға жабыстырылған заңсыз жарнамаларды жою жұмыстарын жүргізілді.

Акцияға 50 ерікті қатысты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.