Шымкенттіктер «Бейбітшілік үшін алғыс» акциясын батыстықтарға жолдады

119

Еріктілер жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған #БізБіргеміз челленджі аясында Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері «Келешек» жастар кеңесінің белсенді мүшелерімен «Бейбітшілік үшін алғыс» акциясын жалғастырды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған акция аясында белсенді жастар Кеңес Одағының 51 Батыры мен Даңқ орденінің 8 иегерінің есімі жазылған «Даңқ» мемориалын тазалады. Жастар гранит қабырғасы және 140 000 мыңнан астам соғыс ардагерінің есімі жазылған тақтайшаларға гүл шоқтарын қойып шықты.

Бұдан кейін акцияға қатысушылар челленджі Батыс Қазақстан облыстық «Келешек жастар» кеңесіне жолдады.