Қарсы бағытқа шығып заң бұзған жүргізушілер ұсталды

363

Жол ережесін өрескел бұзғандар анықталды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадағы жүргізушілердің іс – әрекеті көпшіліктің назарына іліккен болатын. Алғашқысында алматылық жүргізушілер бастаған бұл челленджді шымкенттік жүргізуші де қайталап көріп, көзге түскен еді.

Еске салайық, Д. Қонаев даңғылында қымбат маркалы «Лексус» пен «Крайслер» маркалы көліктің жүргізушілері қарсы бағытта жүріп қалалықтардың теріс пікіріне ілікті. Анықталған жүргізушілерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бабының бірнеше бабы бойынша хаттама түзілді.

Атап айтқанда, жол жүрiсi қағидаларына апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы, көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру және 596-бап яғни, жолда қарама -қарсы жүрiп өту бойынша жүргізуші куәлігінен айрылуы әбден мүмкін.
Жас жігіттер өздерінің іс әрекеттерін жасыру мақсатында мемлекеттік нөмірді шешіп тастаған. Сол себептен де тәртіп сақшылары бұл жүргізушілерді анықтауда тәулік бойы іздестірді.

Ернар Балабеков