Түркістан облысында 3 күннің ішінде 15 қару тәркіленді

820

Түркістан облысында 3 күннің ішінде 15 дана қару тәркіледі. Оның ішінде,  10 дана  аңшы қаруы, 1 дана   шолақ мылтық, 2 травматикалық және 1 дана газды тапанша мен 1дана пневматикалық мылтық алынды.

қару

«Қару» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында, бұдан бөлек 4 бірлік заңсыз қаруды тұрғындар өз еріктерімен полицейлерге тапсырған. Онда еш жерде тіркелмеген кәнігі аңшы қаруы және 16 калибрлі аңшы мылтығы да бар.Полиция департаменті ұсынған ресми мәліметке сай, «Қару» жедел-профилактикалық жобасы аясында барлығы 2.8 мыңнан астам қару иесі тексеріліп, 153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның 99-ы – қару сақтау ережесінің сақталмауы болса, 46 -сы – заң бұзушылық қаруды тіркеу, қайта тіркеу тәртібін бұзу екені белгілі болды.

Мөлдір Бекеева