Úı ANONS Үйінің ауласында той жасаған тұрғынға шара көрілді

Үйінің ауласында той жасаған тұрғынға шара көрілді

 

Қазіргі таңда Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында күні-түні рейдтік жұмыстар жүргізіп жатыр.

Әзірге, полицейлер төтенше жағдай режимін бұзған 16 тұлғаны анықтады. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек екі азамат соттың шешімен 5 тәулікке қамауға алынды.

Мәселен, қала орталығында төтенше жағдайға қарамастан заңсыз жұмыс жасап тұрған 1 компьютер клубы, 5 кафе-ресторан мен 1 кіші футбол алаңы анықталды. Сондай-ақ, кафелердің біріне құдалық, туған күн жасаған азаматтар да жауапқа тартылды. Одан бөлек, тұрғын-үйінің ауласында той жасаған тұрғынға да шара көрілді.