Кентауда мектептің шатырын дауыл ұшырып әкетті

823

Кешелі бері Түркістан облысында қатты дауылдың салдарынан көптеген үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлап, мазаны алып тұр. Азынаған қатты дауыл төтеншеліктер мен коммуналшыларға қосымша жұмыс тауып берді.

Кентауда қатты желдің салдарынан А. Алтынсарин атындагы №1 мектептің, бөбекжайдың және жуырда ғана қайта жаңғыртудан өткен үйлердің шатырын ұшырып кеткен.

Шынар Оразова