Шымкентте медициналық масканы заңсыз сатпақ болғандар ұсталды. Олар 1984 және 1994 жылғы азаматтар. Екеуі де бетперделерді онлайн түрде сатуға қойыпты.
Алғашқысы 17 наурыз күні анықталды. Ол барлығы 5500 масканың әр данасын 180 теңгеден саудалаған. Екінші жағдай 18 наурыз күні анықталды. Ол да барлығы 20 мың бетперденің әр данасын 180 теңгеден сатпақ болған.
Бірақ, оларға қандай жаза қолданылатыны әлі белгісіз. Белгілісі тәркіленген тауарлар медициналық мекемелерге жолданады. Айта кету керек, пысықайлардың мұнша масканы қайдан алғаны анықталмаған.
Назерке Үкібасова