42 500 теңге төлемді кімдер ала алады?

198

 

Бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева төтенше жағдай кезіндегі азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша түсіндірме жасады.

«Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтардың қатарына мына санаттар жатады: 1)шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысшылары 2)дара кәсіпкерлер; 3)жеке практикамен айналысатын адамдар; 4) бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар; 5) міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар», — деді Әсия Құралқызы

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібіне келсек, жұмыс беруші төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін жасақтап, аудандық қалалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға өтініш ұсынады немесе адамдардың өздері «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жергілікті органға өтініштерін бере алады.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту мәселелері жергілікті органда өтініш тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде оны аудандық қалалық штабтың қарауына шығарады не аудандық қалалық штабтың қорытындысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынады. Қор филиалы 1 жұмыс күні ішінде шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Төтенше жағдайда жұмыссыздықты азайтып, қайта жұмыс орындарын көбейтуде Түркістан облысында біршама жобалар қолға алынады. Мәселен, инфраструктуралық жобаларды іске асыруға облысұа 86,8 млрд. теңгегежуық қаржы бөлініп, 778 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.