Қазығұрт аулының тұрғыны Гүлбану Тәуешова «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, қайтарымсыз 505 мың теңгеге грант алды.
Бұл қаржыға ол ауылында массаж кабинетін ашып, жұмысын жүргізуде. Бағасы 1 мың 200 теңге. Тұрғындар біз үшін бұл жақсы көмек, қолжетімді баға деп ризашылықтарын білдіруде.
Былтыр Қазығұрт ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында жалпы 354 азаматқа жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік грант берілген.
Оның 341 азаматқа 505 мың теңгеден, ал 13 адамға 252 жарым мың теңге бөлінген. Олардың 199 жастар, 19-ы мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды азаматтар. Сонымен қатар қолдау 136 көпбалалы аналарға көрсетілді.
Шынар Оразова