Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісовтың мәліметі бойынша бүгін, 16 наурызда таңғы сағат 09:22-де Еңбекші ауданындағы Қапал батыр мекенжайында орналасқан аяқ киім тігетін цехтың ауласындағы дүңгіршектің ішінде 4 адамның мәйіті табылған.
1 адам токсикология орталығына жеткізілген. Қайтыс болғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары, осындағы объектінің қоқыстарын тазалау үшін жалданған. Қазіргі таңда, қайтыс болғандардың аты-жөндері және өлімнің не себептен орын алғанын полиция қызметкерлері анықтауда.
Алдын ала болжамдар: Газ баллоны пайдаланылмаған.
Шынар Оразова